Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Өз әлеуметтік аударымдарың туралы онлайн түріңде қалай білуге болады?

Ақпараттық технологиялардың дамуымен мемлекеттік қызметтерді «онлайн» түрде алу, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында да, жетілдіруде.

Бүгінде қызметтердің көптеген түрлерін электронды Үкімет порталы арқылы алуға болады.

Осындай жаңа электрондық мемлекеттік қызметтің бірі-«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру».

Бұл құжатта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы мен уақтылы болуы туралы ақпарат көрсетілген.

Қызметті egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы онлайн түрде қалай алуға болады?

1.Авторизациядан өтіп «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөліміне көшу;

2.«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдау;

3.«Онлайн сұрау» сілтемесін басу

4.Ақпараттың керекті мерзімін таңдау

5.Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қою;

6.Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) белгіленген уақыт ішінде түсетін сіздің өтінішіңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу.

Өз әлеуметтік аударымдарды бақылау неге маңызды?

МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеудің маңызы зор. Әлеуметтік төлемнің мөлшері ай сайын түсетін әлеуметтік аударымдардың сомасына және нақты адамның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты болады. Сондықтан, әрбір қызметкер өзі үшін төленген әлеуметтік аударымдарды тұрақты бақылап отыруы және жұмыс берушіден аударымдардың уақтылы және толық төленуін талап етуі қажет.

Барлық қызметтерді «үйден шықпастан» ресімдеуге болатын, азаматтарға қашықтықтан қызмет көрсетудің осындай әдістерін енгізу МӘСҚ қызметінің басты артықшылықтарының бірі болып отыр.

«МӘСҚ» АҚ

Алматы облысы бойынша

филиалының бас маманы Аманбаев Е

Басқа жаңалықтар

Back to top button