Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖҮРЕКТЕР

Өмір – өзен. Кім болса да өмірде бақыт іздеп,тек қана соған ұмтылады. Бақыт жолында адам ұшқан құс тәрізді. Екі қанаты бірдей болып,сәйкестікпен ұшпаса,құс ұшқан бағытынан ауытқып кетеді. Сол сияқты адам баласы да өзінің тірегін бірдей ұстамаса, алған бағытынан ауытқып, өмір жолы ауытқып кетуі әбден мүмкін.

Міне, осындай өмір жолында жанына батқан ауыр дертті жеңіп, өзгелерге үлгі боларлық ерік жігерлі, мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы сыр шертпекпіз. «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің», — демекші, көпшілігіміз осы даналық сөзге аса мән бере бермейміз.

Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінде «Өмірге құштар жүректер» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Денсаулықтан асқан қазына жоқтығын жан дүниесімен түсінген, мүмкіндігі шектеулі 12 оқушы (үйден оқитын-7, мектептен оқитын-5) іс-шараға қатысты. Концерттік бағдарламада оқушылар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Бірі тамылжытып ән айтса, енді бірі мәнерлеп өлең оқып, көптің ықыласына бөленді. Әсіресе, Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін патриоттық әндері көптің жүрегін елжіретті. Өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, көмек қолын созған «Қараой мал шаруашылығы» Б.Тоқтаянов, АО «Сарыбұлақ» құс шаруашылық басшылары Ж. Смайловқа Қараой округ әкімдігіне алғысымыз шексіз. Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай, «Бұл өмірге өкпем жоқ» деп бүгінгі күні өткен іс-шараға атсалысқан жандарға мың алғыс білдіреміз.

 

С. АМРЕНОВА, 

Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектеп әлеуметтік педагог

Басқа жаңалықтар

Back to top button