Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Талғар ауруханасында заманауи жабдықтар пайда болды

Қазіргі таңда Алматы облысы, Талғар аудандық орталық ауруханасында 240 орынды 6 бөлімше қызмет атқарып тұр.

Ал осыдан бірнеше ай бұрын аталған денсаулық мекемесінде американдықтар өндірген жаңа рентген аппараты пайда болды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің бюджеті есебінен бес жыл бұрын сатып алынған томограф бар. Бұдан бөлек, әр бөлімшеде төрт мезгіл тамақтана алатын асханасы және балалар ойнай алатын жеке бөлмелер қарастырылған.

Алматы облысындағы ірі ауруханалардың бірі 2011 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған,- деп хабарлайды Алматы облысының «Jetisy Media» ақпараттық алаңы, Kaztoday агенттігіне сілтеме жасап.

Пациент ауруханаға түскен сәттен бастап, оны медбике қарап, науқасқа қандай көмек қажет екенін анықтап, әрі қарай керекті мамандарға жолдайды. Осы мақсатта, медициналық мекемеде үш түсті көрсеткіш бар. Жасыл-шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, сары-шұғыл медициналық көмекті қажет етеді, қызыл – дереу медициналық көмек.

«Ауруханада 240 төсекке арналған, алты бөлімше бар. Бұрындары 5 бөлімше болған, біз 20 орынға арналған травматология бөлімін бөлек аштық. Онда травматологиялық операциялардың барлық түрлері жүргізілуде, сондай-ақ біз жарақаттар пунктін аштық. Бұрын пациенттерді түрлі жарақаттарымен басқа ауруханаларға жіберсек, енді біз осы жерде көмек көрсетеміз, емдейміз және емделушілер бірден оңалтудан өтеді. Бізде балалар мен жүкті әйелдерді тегін емдейтін стоматологиямыз да бар. Сондай-ақ, бізде нейро-инсульт бөлімшесі және 64 кескін жасайтын жақсы компьютерлік томограф бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткен жылғы өтінішімізден соң шетелдік өндірістің жаңа рентген аппаратын сатып алды. Біз кабинетті, пультті дайындап, барит сылағын жасадық. Бізде отбасыларға арналған УДЗ аппараты бар, олардың екеуін жүктіліктің ерте кезеңдерінде ұрықтың ақауларын анықтау үшін пайдаланамыз, — деп түсіндірді «Талғар аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Нұрлан Құлсейітов.

Пациенттер ауруханада көрсетілетін медициналық қызметтерге өте риза. Талғар тұрғыны Гүлвану Гатаулина өз пікірімен бөлісті :

«Мен мұнда ауыр хәлде түстім. Менде циститтің ауыр түрі болды. Біздің дәрігерлерге үлкен рахмет, мені тез арада аяққа тұрғызды. Мұнда жақсы тамақтандырады, күніне екі рет жинайды. Таңертең дәрігерлер келіп, хәл-жағдайды сұрап кетеді», — деді пациент.

Қызметкерлерінің хабарлауынша ауруханада жаңа жылу алмастырғыштар пайда болды.

«Біздің қазандық газда жұмыс істейді: екі пеш газда, біреуі сұйық отында (резервтік). Тоқ өшірілген жағдайда генератор автоматты түрде қосылады. Сұйық отын қоры бір айға жетеді. Құрылыс кезінде ыстық су үшін өнімділігі 200вт, жылу алмастырғышы қойылды,ол жеткіліксіз болып табылды. Мұндай жұмыс үшін ыстық су 25-30 градусқа шығады. Бүкіл жүйеде ол суық болып

табылады. Біз өз қаражатымыздың есебінен порталда өнімділігі 1200 екі жылу алмастырғышты сатып алдық. Қазіргі таңда қондырып, қазір олар сынақтан өтіп жатыр, еш жерде апат болмас үшін тігістерді, сорғыларды тексереміз. Егер ағыс болмаса, ертеңнен бастап суды блоктар бойынша іске қосуды бастаймыз: алдымен кір жуатын орын, содан кейін ас блогы. Екі апта ішінде біз аурухананың барлық аумағында ыстық суды іске қосуды жоспарлап отырмыз, — деді шаруашылық мәселелер жөніндегі бас маман Николай Вайзиди.

«Тоқсан сайын біз қорытынды жасаймыз. Қызыл деп белгіленген нәрсе-тапшылықты көрсетіп, осы саланынң жұмысын арттыру керек екендігін білдіреді. Ана өлімі тоғыз жылда бірде-бір рет болған жоқ. Нәрестелер өлімі өсті: тірі туылу өлшемі бойынша біз 500 граммды шала туған балаларды күтіп-бағамыз, негізінен балалар өлім-жітімін осындай жағдайлар көрсетеді. Онкологиялық науқастардың саны артты. Сүт безі обыры мен жиі ауырады, — деп атап өтті аурухана директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button