Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМерекелер
ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Келді міне, жаңа жыл сәуле шашып, құлпырады табиғат нұры тасып. Жаңа жылды ағайын қарсы алайық, шашу шашып, би билеп, ән салайық, — деп Іле ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери қызметкерлер мен азаматтық персоналдарының балаларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік шырша өткізілді. Кеш барысында қызметкерлер түрлі қойылымдар қойып, өз бойындағы өнерлерін паш етіп, балалардың көңілдерін көтеруге тырысты. Ал, Аяз ата мен ақшақар кештің негізгі бөлімінің маңызын аша білді. Шыршаға 31 бала қатысып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Н. МУКАЖАНОВА, Іле ауданының ҚІБ-нің ҚК
Қызметкері