Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыМерекелерТұлға

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ МАҚТАНЫШЫ

Іле аудандық кітапханасында қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы, ойшыл философы, ұлтымыздың рухани мақтанышы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шара оқырмандарға ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге тәрбиелейді, Абай өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, ішкі рухани тазалыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Рақымжан, осы бөлімнің бас маманы А.Аубакирова, Ж.Жанатқызы, Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Н. Кенжеғараев , Энергетик ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы М.Сейдалиев, Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М. Жабиева, кітапханамыздың тұрақты оқырманы А. Қалиев, Іле аудандық мәдениет үйінің қызметкері, дәстүрлі әнші А.Жаңабаев, «Прогресс» колледжінің студенттері, №7 орта мектеп оқушылары қатысты. Іс шара барысында оқырмандарға «Абай әлемі» атты информ студиясы, «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Абай челлендж» атты видеошолу көрсетілді. Конференция барысында «Абай Құнанбайұлы өскен орта?», «Абай поэзиясының алтын арқауы не?», «Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні?», «Абай аудармалары туралы?» сұрақтар төңірегінде Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Кенжеғараев Ноябрь Жанатұлы өз ойын ортаға салып, Абайтану саласында жазған монографиялары мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларымен таныстырып өтті. Абайдың «Домбыраға қол соқпа», «Сегізаяқ» әндерін Ақылбек Жаңабаев орындап, №7 орта мектеп оқушылары Абай жырларын оқып, конференция соңында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан дайындалған сұрақтармен сергіту ойыны ойнатылды. Іс-шараға 45 адам қатысты.

Г. АБИЛЬДИНОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button