Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ӘЛЕМДІ ӘЛДИІМЕН ТЕРБЕТКЕН

 

 

 

Құрметті ақжаулықты әжелер, аналар, қаракөз қарындастарым! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Көктемнің құлпырған алғашқы мерекесі өмірдің алып бәйтерегі аналардың құрметіне аталғаны тегіннен тегін емес! Ұлы даланың төсін жайлаған қазақ халқы үшін ана – ең құрметті де қастерлі есім!

Бүгінгі таңда әйелдердің әлеуметтік белсенділігін қолдап, олардың қоғам өмірінің барлық саласына кеңінен қатысуына қажетті жағдай туғызу, әлеуметтік құқықтарын сенімді қорғау – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Отбасылық құндылықтардың жоғары бағалануына ең алдымен әйел – ананың сіңірген еңбегі мол. Ол – шаңырақтағы тағылымды тәрбиенің көзі, сүйіспеншілік пен сыйластықтың алтын арқауы. Ошақ отын маздататын да, түтінін түзу шығаратын  да  әйел.

Үкіметіміз көпбалалы аналардың атаулы әлеуметтік төлем арқылы жағдайын қарастыруды барынша қолдап келеді. Ана мен балаға қамқорлық жасауды, ұрпағын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға қолдау көрсетуді, оларға икемді еңбек түрлерін ұсынып, жұмыс пен қамтуды міндеттеуі мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен жанашырлықтың жарқын көрінісі.

Отбасыныңбірлігі мен берекесі кез келген әйелдің өмірлік ұстанымы десек, сын сағаттарында салиқалы да сабырлы, тәуекелшіл де төзімді қазақ аналары үй мен түздің жұмысын қатар алып жүріп, қолынан күрегін, арқасынан сәбиін тастамай қоғамның өркендеуіне өз үлестерін қосқан. Бүгінгі ұрпақ әлемді әлдиімен тербеткен абзал анна алдында әрдайым бас иеді.

                                                                                    ҚҰРМЕТТІ

                                                                                   АНАЛАР, АЯУЛЫ АРУЛАР!

Асыға күткен көктем мерекесі Сіздерге бақыт пен шаттықтың сазын сыйласын! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай келе, ошақтарыңыздан татулық пен ынтымақ, береке мен ризық үзілмей, осындай әсем кейіптеріңізбен әлемді мейірім мен шапағат шуағына бөлей беріңіздер демекпін!

Көктеммен бірге құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Б.ҚАРАСАЕВ,

ауданәкімі, «NurOtan» партиясыаудандықфилиалыныңтөрағасы

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button