Рухани ЖаңғыруҰлы даланың жеті қыры

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ

Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында №7 мектептің 4 «в» сынып оқушылары және сынып жетекшісі А. Егіншиева мен кітапханашы К.Баткалованың  қатысуымен «Туған жерім – менің алтын бесігім» атты ертеңгілік өткізді.

Туған өлкеміздің тарихын тану, туған жерге, елге деген құрмет ұғымының мәнін түсінуді мақсат тұтқан шараға оқушылар ерекше ықыласпен қатысты. Жас ұрпақты туған жер оның тарихы мен мәдениетін, табиғатын құрметтеп, патриоттық рух қалыптастыруға бағытталған шарада арнайы ұйымдастырылған «Туған жер – алтын бесігім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, балалар Отанымызға арналған жүрекжарды туындыларын  оқып, ойларын ортаға салды. Шара барысында оқырмандар өздерін аса қызықтырған кітаптарға жазылып, көрмеден кітаптар қолға берілді.

 

Э. САНКЕШ,

аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button