Қазақстанда балалар үйінің саны қанша
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы статистиканы ұсынды
Халықаралық бала құқығын қорғау күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде неше балалар үйі бар екенін айтты. Министр соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 4 193 бала осындай мекемеде тұрып жатқанын хабарлады.
«10 жыл ішінде (2010 — 2020 жж.) балалар үйіндегі тәрбиеленушілерінің саны 70% азайды» деп жазады білім министрі. Яғни, он жыл бұрын жетімдер үйінде 14 052 бала болса, қазір олардың саны 4193 бала. Ал, балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін қысқарған.
«Айта кетерлігі, балалар үйлері қолдау орталықтарына айналады. Бұл жұмысқа азаматтық қоғам белсене ат салысты. «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды да ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүріп жатыр», — деп жазды министр жеке парақшасына.
Жалпы, Асхат Аймағамбетовтің статистикасына сүйенсек, қазір еліміздегі 20 мың білім беру ұйымы 5 миллион баланы оқытып жатыр