Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыЭкономика

Соңғы алты айда ел экономикасы 1,7%-ға төмендеді

Қызмет көрсету салаларының көрсеткіші төмендеп кеткен

2020 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша елде жалпы ішкі өнім 1,7%-ға төмендеген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Дегенмен, инфляция өткен ай деңгейінен төмен түсіп, 6,7%-ды құраған. Тауарлар өндірісі 4,8%-ға өсті.

«Жалпы, келесідей жағымды үрдістер байқалуда. Өндірістік секторда өсу жалғасуда. Қызметтер секторы мамырдан бастап серпінді қалпына келуде. Сонымен бірге сауда балансының сальдосы жоғары өсім көрсетті. Құрылыста – 5,9%-ға, кен өндіруде 5,2%, өңдеу өнеркәсібінде 4,9% және ауыл шаруашылығында 2,2%-ға өсу байқалады», — деді Руслан Дәленов.

Ал қызмет көрсету салаларының көрсеткіші әлі ойдағыдай емес. Көлік қызметтерінің үлесі – 14,1, сауда – 12,3, жылжымайтын мүлік операциялары – 4,8, әкімшілік қызметтер көрсету – 3,8%-ға азайып кеткен. Дәленов мамырда карантиндік шектеулер алынғаннан кейін ғана осы салалар «қалпына келе бастағанын» айтады.

Сыртқы сауда айналымы қаңтар-сәуірде 28,2 млрд доллар болған.

«Экспорт 18,4 млрд долларды, импорт 9,8 млрд долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 4,0%-ға ұлғайды»,- деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button