Басты ақпаратБілім және ғылым

ҰБТ- 2020 өткізу туралы


Биылғы маусым айында өткізілетін ҰБТ –дің біраз ерекшеліктері бар және еліміздегі төтенше жағдайға байлланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталып өткізу жоспарлануда.

Жаңашылдықтар:
1 . Тұлғаның бет-әлпеті (Face ID) көмегімен сәйкестендіріледі;
2. Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайыындау туралы электрондық куәлік беріледі;
3. SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аударылады;
4. Шекті балл жинамағандарға ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі;
5. Болашақ педагогтер үшін шекті балл — 70;
6. ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
7. ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
8. Тестілеу уақыты 4 сағатқа созылады.
9. Ата-аналардың балаларын Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріне келіп күтуіне тыйым салынады.
10. Ата-аналарға ҰБТ өту барысын сол жерге келмей-ақ үйінде отырып көру үшін онлайн көрсетілім ұйымдастырылады.
Біздің ауданымыз бойынша 46 мектепте 11-сыныпты 1693 түлек аяқтады, оның ҰБТ-ге қатысу үшін 1359 түлек өтініш берді.
ҰБТ М.Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп жанындағы №866 тест өткізу пунктінде 23 маусым мен 27 маусым аралығында 5 лекпен өткізіледі.

Аудандық білім бөлімі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button