Екі апталық карантинде қандай нысандар жұмыс істемейді?
Қазақстанда 5 шілдеден бастап жарияланған 14 күндік карантинде бірқатар нысанның қызметіне тыйым салынады. Олардың тізімінде әдеттегідей сұлулық салондары, спорт залдар мен базарлар бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында қабылданды. 5 шілдеден бастап мына нысандардың қызметіне тыйым салынады:
- сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер;
- азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер;
- мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар;
- ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б;
- (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).
Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;
Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;
Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;
Айта кететіні, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті.