Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулық

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ

«Денсаулық — адам үшін баға жетпес байлық. Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды «ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы» деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес.

Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап, сыздаған балтырымызды тоқтатады.

Қазір әлемді COVID-19 індеті таралып жатқанда, жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалаған Іле ауданы дәрігерлік емханасының ақ халатты абзал жандары Хирургия бөлімінің меңгерушісі Елікбаев Айдын Молдашұлына, дәрігер Нарбеков Сағындық Сайлаубекұлына, мейірбекелер Нұргүл Бұжбанова, Гүлнара Бақбергеновнаға, Нұрғайша Дәулетовнаға айтар алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ізгі тілекпен:
Байсерке ауылдық округінің тұрғыны
ДАИРБЕКОВА Тойжамал Абдрахманқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button