ҚАЙЫРЖАН СЕРІКБАЙҰЛЫ: «БАСТЫ МАҚСАТЫМ – АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ

Алматы облысындағы экономикасы дамыған, ірі кәсіпорынға бай Іле ауданына Қайыржан Жақсымбетовтың әкім болып келгеніне міне жеті ай өтті. Аталған мерзім ішінде Қайыржан Серікбайұлы не істеді, жаңа әкімнің бет алысы қалай деген сұрақ аудан тұрғындарының көкейінде тұруы мүмкін. Осыған орай аудан әкімінің алға қойған жобаларының негізгілерін назарларыңызға ұсынамыз:
– Қайыржан Серікбайұлы, сіз Іле ауданының әкімі болып тағайындағалы жетінші ай өтті. Өнеркәсіп пен өнері қатар дамыған ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік ахуалын толық саралап, күретамырын дөп баса алдыңыз ба?
– Әкімдік лауазымындағы алғашқы алты айы ішінде ауданның әр саласына терең бойлап, негізгі мәселелер мен болашақ даму бағыттарын айқындауға күш салдым. Барлық елдімекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер өткізу арқылы олардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын тыңдап, нақты жобаларды іске асыруды бастадық. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы – басты басымдықтарымыз. Бүгінде ауданның экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, олардың алғашқы нәтижелері де көріне бастады.
– Қазіргі уақытта ауданымызды қандай өзгерістер күтіп тұр?
– Іле ауданы – Алматы облысының іргелі аудандарының бірі. Соңғы жылдары мұнда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы, ауыл шаруашылығы мен туризмнің өркендеуі басты басымдыққа айналды. Мысалы, 2025 жылдың бірінші жартыжылдықта аяқталған Инвестициялық жобалар: «LC WAIKIKI» 150 жұмыс орнымен қамтылған сауда логистикалық орталық салу жұмыстары, жалпы инвестиция соммасы 30 млрд.теңге, (2025 жылға 10 млрд. көзделген) жыл басында LC Wikiki қоймасын салу жұмыстарында инженерлік инфрақұрылым жүргізу үстінде көршілес жер телімі иесімен мәселе туындады. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен аталған мәселе жойылып, LC Wikiki қоймасы қолданыс актісін алып жұмысын жалғастыруда. «VOLVO GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС сервистік орталық, инвестиция соммасы 3,5 млрд. тенге (2024 г. – 3,1 млрд. тг, 2025 г. – 0,4 млрд. тг) 2025 жылдың наурыз айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. 80 адамға жұмыс орны қамтылған. «FEBEST» ЖШС автобөлшектерге арналған «А» санаттағы қойма, инвестиция соммасы 2,5 млрд. тенге, 50 жұмыс орны бар, 2025 жылдың наурыз айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды.
«MIREL» ЖШС «А» санатындағы қойма құрылысы, инвестиция соммасы 3,2 млрд. теңге (2024 ж. – 2,5 млрд. тг, 2025 ж. – 0,7 млрд. тг.) 125 жұмыс орны, 50 жұмыс орны бар, 2025 жылдың мамыр айында құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталды. «САЯГРУПП» ЖШС қойма құрылысы, инвестиция соммасы 720 млн. тенге, аталған сомма 2025 жылы тартылды. 27 адамға жұмыс орны қарастырылған, аяқталу мерзімі 2025 жылдың шілде айы деп күтілуде. Қазіргі жағдайы құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 2025-2026 жылдары ауданда жалпы құны 300 млрд теңгені құрайтын 17 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
– Ауданымыздың жартысы Алатау қаласы болып бөлініп шықты. Бұл өзгеріс ауданның экономикалық әлеуетіне қалай әсер етті? Бюджетке қандай ықпалын тигізді?
Былтырғы жылы Алатау қаласына ауданымыздан Жетіген ауылдық округі мен Байсерке ауылдық округінің бірнеше ауылы, атап айтқанда Қоянқұс, Жаңаталап, Жаңадәуір елді мекендері өтті. Алатау қаласының 2025 жылға арналған бюджеті 4,4 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл қаражаттың 29,5% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, 18,2% жол инфрақұрылымына, ал 9,1% әлеуметтік төлемдер мен қолдау шараларына бағытталды. Ауданымыздың жартысы Алатау қаласына беріліп, соның салдарынан ауданның кірістері азайды: 2023 жылы – 241 млрд жоспарланған, 2024 жылы – 211 млрд. теңге, яғни 30 млрд. теңгеге кеміді.
Қазір Іле ауданының бюджеті негізінен ауыл шаруашылығы мен шағын бизнестен құралады.
Аумақтық өзгерістерге қарамастан облыстық трансферттер арқылы шығыстар толық жабылды, яғни аудан әлеуметтік және инфрақұрылымдық міндеттерді орындауды жалғастыруда.
– Территориялық өзгерістерге байланысты ауданның жалпы ахуалы қандай болмақ?
– Ауданның аумақтық өзгерістері әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін берді. Жаңа қала құрылымының пайда болуы инфрақұрылымның қарқынды дамуына жол ашып, тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ұсынды. Бұл өзгерістер экономиканың түрлі салаларын, әсіресе ауыл шаруашылығы, құрылыс және әлеуметтік секторларды нығайтуға мүмкіндік берді. Осы бағытта біз бірнеше ірі жобаны іске асырып, ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз.
– Ауданға инвестиция тарту мәселесі қалай жүзеге асып жатыр? Инвесторларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған?
– Іле ауданында инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда кешенді жоспар аясында жалпы құны 300 млрд теңгеге 17 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалардың нәтижесінде 2672 жаңа жұмыс орны ашылады. Инвесторларға ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік инфрақұрылымы салаларында кең мүмкіндіктер ұсынылып жатыр. Аталған жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, Іле ауданында кіші және орта инвестициялық жобалар да маңызды рөл атқаруда. Қазіргі уақытта жалпы құны 22,4 млрд теңгеге бағаланған 34 жоба қарастырылып жатыр. Бұл жобалар аясында сауда үйлері, монша кешендері, сауда орталықтары, дүкендер мен қоймалар салу жоспарланған. Бұл бастамалар аудан экономикасын әртараптандырып, жаңа кәсіпкерлік құрылымдардың қалыптасуына ықпал етеді.
Ірі кәсіпорындар да өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатында модернизациядан өтуде. Атап айтқанда, «ФМК» ЖШС, «JTI» ЖШС және «Shin Line» ЖШС кәсіпорындары өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл кәсіпорындар аудан экономикасына тұрақты үлес қосып, өңірлік дамуға серпін береді. Инфрақұрылымдық мәселелерді шешу де басты назарда. Жол жөндеу, электрмен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету секілді инфрақұрылымдық жобалар бюджет есебінен жүзеге асырылуда. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. LC Waikiki компаниясының қойма салу жөніндегі инвестициялық жобасына байланысты жер мәселелері туындаған болатын. Қазіргі таңда жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, инвесторларға қажетті қолдау көрсетілді. Аталған жоба қолданыс актісін алып іске қосылды, жаңа жұмыс орындары құрылды. Сондай-ақ, тоқтап тұрған жобалар анықталып, оларды қайта жандандыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Жер учаскесінің игерілмеуі салдарынан кейбір жобалар уақытша тоқтап тұрғанымен, тиісті шаралар қабылданып, олардың іске қосылуына мүмкіндік жасалуда. Іле ауданының инвестициялық қоры өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін ауқымды жобаларды қамтиды. Ірі және шағын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жақсартуға және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейтуге жағдай жасайды. Инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіліп, барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жалғаса береді.
– Ірі құрылыс жобалары жайында не айтасыз? Қандай маңызды ғимараттар бой көтермек?
Іле ауданында бірқатар маңызды құрылыс жобалары жүзеге асуда. Боралдай кентінде 280 орындық, ал Өтеген батыр ауылында 400 орындық Мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Асқар Тоқпанов және М.Түймебаев ауылдарында 280 орындық Мәдениет үйлерінің жоба – сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік марапатымның оң қорытындысы бар, құрылыс – монтаждық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының құрылыс басқармасына бюджеттен қаражат бөлу үшін өтінім жолданады. Іле ауданының ХҚКО ғимаратына жапсаржай салу және қайта жаңарту жобасы бойынша жоба – сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ЖСҚ-ны әзірлеп аяқтап өткізу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарлануда. Өтеген батыр ауылында 50 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары дайын. Құрылыс-монтаждық жұмыстарына бюджеттен қаражат бөлу үшін Алматы облысының кезекті маслихат отырысына өтінім жолданды. Одан бөлек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Н.Тілендиев және М.Түймебаев ауылдарында 1800 орындық екі мектептің құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта ауданымыздағы №42 орта мектептің 14-і үш ауысымда білім беруде. Бұл – біз үшін өте өзекті мәселе. Осыған байланысты, жаңа мектептердің құрылысы үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге ықпал етіп, білім беру жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мәдениет үйлері мен жаңа мектептердің салынуы ауданның инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ тұрғындардың мәдени және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға айтарлықтай үлес қосады.

– Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қалай жүргізілуде? Бұл бағытта қандай нәтижелер бар?
– Ауданымызда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. 2025 жылы көлемі 39680,58 га (131 меншік иесі және жер пайдаланушылар) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылмай жатқандығы анықталды, оның ішінде: – көлемі 2230,0 га 2 жер пайдаланушы бойынша жалға алу шартын мәжбүрлеп бұзу үшін материалдар сотқа берілді.
– көлемі 3000,00 гектар 1 жер пайдаланушы бойынша жалға алу шартын мәжбүрлеп бұзу үшін 16.04.2025 жылы сот отырысының шешімімен мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арыз қанағаттанды.
– 2 жер пайдаланушы жалпы көлемі 1552,95 гектар жер телімі қайта пайдалануға кірісті
– көлемі 5118,6092 га 33 жер пайдаланушы пайдаланылмай жатқан жеке меншіктегі жер телімі бойынша шара қолдану үшін «Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті республикалық» ММ-не 4 хат жолданды – көлемі 28913,0292 га 92 жер пайдаланушы бойынша «Қазпошта» АҚ-ы арқылы хабарлама жолданғандығын мәлімдеймін.
– Халыққа қолжетімді баспана ұсыну бағытында қандай шаралар қолға алынбақ?
– Тұрғын үй мәселесі – біз үшін басым бағыттардың бірі. 2024 жылы әлеуметтік осал топтарға 152 пәтер беріліп, 2025 жылы тағы 200 жалдамалы пәтер беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылында үш жаңа көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл үйлер «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 5 437 азамат тіркелген. Бұл мәселені шешу мақсатында 2024 жылы әлеуметтік осал топтағы 152 азаматқа пәтер берілді. Ал 2025 жылы тағы 200 жалдамалы пәтерді ұсыну жоспарланып отыр.

Өтеген батыр ауылында құрылысы үш 72 пәтерлі көппәтерлі тұрғын үйдің екеуінің құрылысы аяқталды, бір көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тамыз айында аяқталуы жоспарлануда. Бұл үйлер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі.
Іле ауданында әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтіп, ауданның инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру үшін бар күшімізді саламыз. Осылайша, әлеуметтік ахуалды жақсартып, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нақты қадамдар жасаймыз.
– Ауданның дамуы үшін қандай стратегиялық бағыттар белгіленді?
– Ауданның дамуы үшін стратегиялық бағыттарымыз бірнеше саланы қамтиды: инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік жобалар, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту, экологияны қорғау, кәсіпкерлікті қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Біз осы бағыттар бойынша жұмыстарды жандандырып, ауданымыздың болашағын дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән берудеміз.
– Ауылішілік жолдардың сапасы қандай деңгейде? Тұрғындар облыстық жолдардың жағдайына жиі шағымданады. Бұл мәселенің шешімі не себепті ұзаққа созылуда?
– Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы 82 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталса, 2025 жылы тағы 84 көшені жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдар да ұзақ мерзімді жөндеуді қажет етеді, бұл жұмыстар сапалы әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Әрбір жоба толықтай техникалық сараптамадан өтіп, тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Жол сапасын, жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыру үшін, жыл сайын ауылішілік көшелерге кезең-кезеңімен әр түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан әкімі ретінде менің басты мақсатым – барлық салада ауданымыздың әлеуетін арттыру. Біз тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу және қолайлы орта қалыптастыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз.
– Сұхбаттасқаныңыз үшін алғыс айтамыз!



