Басты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Президент: Жер шетелдіктерге сатылмайды — бұл мәселеге енді оралмаймыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейін 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтты.

«Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз», — деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button