Қазақстан жаңалықтарыҚоғамМәдениетМерекелер

БЕЙБІТ ЕЛДЕ БЕРЕКЕ БАР

Алдағы жылы ұлттық құндылығымыз, асқақ арманымыз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтпекпіз. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру жөніндегі» Жарлыққа қол қойған еді. Тәуелсіздік — жадымызда сақталатын, жас ұрпақ үлгі тұтатын мереке. Тарих тағылымын таразылау біздің парызымыз. Егемен еліміздің тарихы жаңаша рухани болмысы бар жастарды тәрбиелейтін ұлттық идeологиямыздың алтын қазығы екені сөзсіз. Сонымен қатар, Елбасымыз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, барлық өңірлерді дамытуға арналған бағдарлама құру қажеттігін баса айтқан еді. Бұл туралы Н. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазірден бастап Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындалуымыз керек. Бұл жөнінде сәйкес тапсырмалар беремін. Атап айтқанда, 30 жылдық қарсаңында барлық өңірлерді дамытуды қолға алу қажет. Кей өңірде ауызсу жоқ, кей өңірде коммуналдық шаруашылық ескірген. Кей аймақтың ішкі жолдары нашар. Әр облыстың кемшін тұстарын анықтап, Жол картасымен қаражат бөлу керек. Яғни, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын әдемі қалалармен және орталықтармен қарсы алуымыз керек. Міне, осындай бағдарламаны жүзеге асырамыз деп ойлаймын», — деді. Міне, осы жарлық күшіне енген сәттен бастап өңірлерде қызу дайындық жұмыстары басталып та кетті. Тәуелсіздік мемлекетіміздің ең басты тұғыры. Ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы екендігін келешек ұрпақтың санасына жеткізу біздің парызымыз. Егемендік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлікке толы іс-қимылдарынан үлгі-өнеге алып, желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова сияқты жастардың ерлігін мақтан тұту, оларға тағзым етіп еске алу — жас ұрпақтың парызы. Тәуелсіздік таңы атқалы бері, міне, 30 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында жас мемлекетіміз қуатты қарқынмен дамып келеді. Ал, 16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Тәуелсіздік – біздің ең басты бақытымыз. Тәуелсіз еліміздің тамыры — жасампаздық рух болса, тұғыры — тіл, ұраны — ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында бейбіт әрі тату ғұмыр кешіп жатқан туған жеріміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұстаным бойынша тек өркендеп, алға баса бермек.

«Елу жылда ел жаңа» дейді халық даналығы. Ал біз елу емес, небәрі отыз жылда қарыштап дамыған, төрткүл дүние мойындаған ел болдық. Өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақұрым кететін тарихи жолды бар болғаны ширек ғасырға жетпей тәмамдадық. Ол да болса Елбасымыздың, кешегі бабалар ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы. Ендеше, тұғыры биік тәуелсіздігімізді әрдайым қастерлеп, қадірлеу бізге парыз!

Н. МОМБЕК

Tags

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close