Алматы облысының жаңалықтарыДенсаулықҚоғам

Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді

Қала ішінде қоғамдық көліктер қатынай бастайды

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы А.Чарапиев 2 тамыздағы «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

«Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ қала ішіндегі жолаушылар тасымалдаушы қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болған еді. Қазір облыста мемлекеттік бас санитардың міндетін Асхат Чарапиев атқарады.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. А.Чарапиевтің «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2020 жылғы 2 тамыздағы №23 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» 2020 жылғы 5-тамыздағы № 24 Қаулысы.

Өзгертулерге байланысты құрылыс материалдары мен көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін сататын орындарға, сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушы қалаішілік қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button