Алматы облысының жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

Алматы облысы бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған «Мың бала» бірінші Ұлттық зияткерлік олимпиадасының қорытындысы

Жоба талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі Елбасының «Ел Үміті»бастамасы шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен іске асырылады және жыл сайын өтетін болады. Олимпиада екі кезеңде өтті және 60 мың оқушысын қамтыды. Олимпиада қорытындысы бойынша екінші кезеңнің 807 қатысушысынан 196 жеңімпаз іріктелді.

ОлимпиадағаАлматы облысының ауыл мектептерінен5 және 6 сыныптар бойынша 60 мың оқушы қамтылды. Олимпиаданың екінші кезеңіне қатысқан 807 оқушының ішінен 196  жеңімпаз болып іріктелді.

Жеңімпаздар тізіміhttp://www.zhetisu-daryny.kz/сайтында:

5 сынып — 89 оқушы

6 сынып -107 оқушы

Назар аударыңыз, олимпиада жеңімпаздары ішінде6 сынып бойынша жоғары балл жинаған 4 оқушы (сайттағы тізім http://www.zhetisu-daryny.kz/) Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қаласындағы филиал) қабылдануға ұсынылды.

Осы оқушылардың заңды өкілдері әрі қарай мектепке қабылдануы үшін міндетті түрде 7170 нөмірі бойынша Call-орталыққа (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан осы мектепке қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

6 сыныпты бітірген 107 жеңімпазға Талдықорған және Есік қалаларындағы «Білім-инновация» лицейлерінде және Алматы облысының дарынды балаларға арналған 7 мамандандырылған мектептерде оқуды жалғастыруға мүмкіндік беріледі.

Жоғарыда аталған мектептерге өтініш беру үшін Call-орталыққа 7170 нөмірі бойынша(қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының www.fnn.kz.порталында тіркелу үшін деректер алу қажет. Өтініш беру туралы толық бейненұсқаулықты мына жерден көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=LljynSNcDmE&feature=youtu.be)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Өтініш қабылдау қызметі2020 жылғы 5 қыркүйек сағат 15.00-ден 2020 жылғы 7 қыркүйек сағат 15.00-ге дейін (қоса алғанда) қолжетімді болады. Өтініштер 3 жұмыс күнімерзімінде қаралады.

5 сыныпты бітірген 89 жеңімпазға арналған ақпарат

Еліміз бойынша дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге оқушылар 7 сыныптан қабылданады. Сондықтан 5сыныпты бітірген жеңімпаздар үшін Елбасы академиясының қашықтық мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеу қарастырылған.

Осы қатысушылардың заңды өкілдері Call-орталыққа 7170 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) қоңырау шалып, одан әрі қашықтықтан оқыту мектебіне қабылдау үшін байланыс ақпаратын ұсынуы қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button