Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

СІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ, АРДАГЕРЛЕР!

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ешқашан ұмытылмайды. Қазіргі кезде біздің елімізде қарттарды құрметтеуге үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Ардақты да, аяулы қарттарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, елімізде бейбітшіліктің тұрақты болуына  үлкен еңбек сіңіріп, елеулі үлес қосты. Қарттар күні –  саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Құрметті ардагерлер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздер егде тартқандарыңызға қарамастан әлі күнге өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік танытып, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.  Бүгінгі мерекені пайдаланып, ерен еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз. Жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін.

Бұл мереке  күні  барлық қарияларға құрмет көрсетілді. Қарттар күніне орай, Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, қарттарды  құттықтап, шағын сыйлықтарын табыстады.

Сонымен қатар, Іле ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан ардагерлері М. Жаркымбаева мен  К. Молдабаеваны бүгінгі мерекемен жеке құрам атынан құттықтап, естелікке шағын сыйлықтар беріліп,  құрмет көрсетілді.

 

       С. МЕДЕУБАЕВ,

Іле ауданы қорғаныс істері жөніндегі

бөлім  бастығы, майор

Басқа жаңалықтар

Back to top button