Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыРухани Жаңғыру

Тамырымды бүлкілдет, жылғалы өлең

Іле ауданы Ақши ауылдық мәдениет үйінде журналист – ақын «Хабар» телеарнасының Алтын төсбелгісі, Қазақ телевизиясының 60 жылдығы медалінің иегері Ардақ Айбарұлының «Тамырымды бүлкілдет, жылғалы өлең» жинағының және «Ақшиім» әнінің тұсау кесер рәсімі өтті . Іс шараға Журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Хабар» телеарнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі — Тілеуқабыл Мыңжасар, Іле ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жергілікті «Іле таңы» газетінің директор-бас редакторының орынбасары Р.М.Айдарбекова, Іле ауданының «Құрметті азаматы», ҚР «Мәдениет қайраткері», «Кітапхана ісінің үздігі», Іле аудандық «Аналар» кеңесінің төрағасы М.Т.Жабиева, Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының директоры Қ.Т. Будугулова және ауыл әкімі, ауыл тұрғындары, достары қатысты. Елдің игілігіне, қоғамның гүлденуіне атқарған еңбегіміз түптеп келгенде туған жердің алдындағы азаматтық парызымыздың өтелуі, — деген ауыл әкімі М.А.Жұмамұратов шара қатысушыларына ауылдастар атынан ризашылығын жеткізіп, Іле ауданы әкімі және өз атынан алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ А.Айбарұлының сөзіне жазылған «Ақшиім» әнінің тұсауы кесіліп, ауыл тұрғындары алдында алғаш орындаған халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Д.Тұрғыналының орындауында «Ақшиім» әні көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Ақши ауылдық кітапханасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты бөлімнен тұратын «Ауылым алтын бесігім» атты кітап көрмесі мен көрме инсталляциясын ұйымдастырып, көрмеде ауылдың бетке ұстар азаматтары мен ақындарының кітаптары және мәдениет қайраткелерінің жетістіктері мен алған марапаттары орын алды. Атап өтсек, Алматы обысының Құрметті азаматы, ұзақ жылдар бойы Т.Бокин совхозының басшысы, ақын жазушы Р.Жарықбаев және Іле ауданының Құрметті азаматы журналист, ақын Ш.Мұқановтың «Өмір соқпақтары», «Әділ мен Әлия», «Керуен ғұмыр», «Бәріне куә, бұл ғұмыр» кітаптары қойылды. Кітапханашы Қ.Амантаева келген қонақтар мен көпшілік қауымға кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Шара соңында естелік суретке түсіп, мән мен маңызға толы шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, тарасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button