Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам
«Nur Otan» партиясы Іле аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны өтті
![](https://ile-tany.kz/wp-content/uploads/2020/12/nur-otan-3-1.jpg)
Ұсыныстарға сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында сағат 10:00-де аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті. Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірген адамдар, партиялық тізімге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар, БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 15 адам қатысты. Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев ашып, аудандық штаб мүшелерімен және нұсқаулықпен таныстырды.
Штаб ресми түрде ашылып, Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі көрсетілді. Іс-шара санитарлық талаптарға сай өтті.