Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Абай мұрасы – қазақтың бойтұмары

 Іле аудандық Мәдениет үйінде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Ақши ауылдық театры Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы негізінде жасалған сахналық қойылымын көпшілік назарына ұсынды.

Осы мерекелік шараға орай Чапаев ауылдық кітапханасы «Абай мұрасы – қазақтың бойтұмары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітапханашы О.Мамбетова келген қонақтар мен көпшілік қауымға кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Екі бөлімнен тұратын кітап көрмесінің бірінші бөлімі ұлы Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналып, кітапхана қорындағы ақынның ең құнды жәдігеріміз 1939 және 1940 жылдары Қазан қаласындағы «Братья Каримовы» баспасынан шыққан латын тіліндегі толық шығармалар жинағы, сонымен қатар осы кітаптардың электронды нұсқалары, 1950 жылы жарық көрген кітаптары және биыл ғана Халықаралық Абай клубы баспасынан жарық көрген қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шыққан кітаптары қойылды.

Көрменің екінші бөліміне М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясының қазақ және орыс тіленде жарық көрген нұсқалары мен даланың дана ақыны Абай жайлы жазылған ақын – жазушылардың естеліктері мен кітаптары қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button