Қарымды қалам иесі жазушы Рахман Жарықбаев 85 жаста
Алматы облысының Құрметті азаматы, Ақши ауылының жергілікті ақыны, жазушы, ауылымыздың мақтанышы Рахман Жарықбаев бүгінде 85 жасқа толып отыр. Р.Жарықбаев 03.01.1936 ж. Алматы облысы Каскелең ауданы Көлащы ауылында дүниеге келген. 1946 — 1950 жж. Алматы облысы Каскелең ауданы Ақши ауылына 5–ші сыныпқа дейін оқып, онжылдықты Қаскелеңде бітірді. 1980-1991 жж. аралығында Алматы облысы Күрті ауданы. Тоқаш Бокин атындағы совхоздың директоры болды. Ол кісі басқарған уақытта Т.Бокин совхозы облыстағы алдыңғы қатарлы совхоздың бірі болды. 1991-1992 жж. Күрті ауд. Изен шаруашылығының директоры қызметін атқарды. Жемісті еңбегінің нәтижесінде тоғызыншы, оныншы, он бірінші бес жылдықтың жеңімпазы атанып, Республикалық Халық шаруашылығы көрмесінің 1 алтын, 1 күмісмедалімен, екі рет «Еңбек Қызыл ту» орденімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 2010 ж. Алматы облысының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. 1992 жылдан зейнет демалысына шыққаннан бері қолға қаламалып, ақындық, жазушылық өнерін жалғастырып келеді. Өзі басқарған совхоздың еңбеккерлері туралы «Өмір соқпақтары» аттыдеректі повесі, «Үшқияным –Үшқоңыр», «Көлбай палуан» атты роман-повесі, «Әділ мен Әлия» поэма мен өлеңдержинағы, «Ақыл мұра. Үлкен сыйлау өсиет» өлеңдер жинағы, «Өмір ғой мәңгі көктеген» өлең кітаптары жарық көрді.