Алматы облысының жаңалықтары

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ПЕН ЖАНАШЫРЛЫҚ ҚАТАР ЖҮРЕДІ

Адам өміріне ааша түсетін дәрігерлік мамандықтың жүгі ауыр. Зор жауапкершілікті арқалап жүрген ақ халаттылардың қашан да жұмысы қауырт, еңбегі орасан. Осы орайда біз Іле ауданы орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Әжібеков Нұрлан Нұртайұлымен аудандағы медицина саласындағы мәселелер мен биыл атқарылатын жұмыстар жайында әңгімелестік.
— Нұрлан Нұртайұлы, алдымен емхананың қызметі, сондай-ақ өткен жылғы көрсеткіштерге тоқталсаңыз. Бүгінде емханада тіркеуде тұрған тұрғындар арасында аурушаңдық көрсеткіші қандай?
— Бүгінде біз үшін басты міндет — медициналық көмектің сапасын көтеру, тұрғындар тарапынан болатын шағымдарды болдырмау, сол бағытта жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ аурушаңдық деңгейін төмендету. Биыл оралық ауруханамыздың материалдық- техникалық базасын нығайту, мамандардың білімін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық қызметтің сапасын көтеру жұмыстары жүргізуді қолға алып жатырмыз. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында иммунопрофилактика бойынша жұмыстарды жандандыру, екпеден бастап тартып отырған балалардың ата-аналарымен түсіндіру және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тұрғындарға грипп пен өзге де басқа жұқпалы аурулардың алдын алу вакцинациясын жүргізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда екпе алу мәселесі өзекті болғандықтан, тұрғындар арасында иммунопрофилактика жұмысын жандандыру үшін қалалық әкімшілік мамандары, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары және теологтармен бірлесіп, балаларына екпе жасатудан бас тартып отырған ата-аналардың әрқайсысымен жеке түсіндіру жұмысын жүргізу, арнайы интернет-портал желісін, видеороликтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарда бар. Сонымен қатар емханамызға тіркелген жүкті әйелдерге, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру, жасөспірімдер арасында жүктіліктің алдын алу, балалардың денсаулығын жіті бақылау, жыл сайын скрининг өткізу сапасын арттыру, мүгедектіктің алдын алу, бала өлімін болдырмау, тағы басқа да шараларды уақытылы ұйымдастыру — біздің басты міндетіміз. Жалпы аудан бойынша 330 000 тұрғын бар. Штат кестесіне сәйкес, қазір емханамызда 2000 ақ халатты қызметкерлеріміз жұмысын атқаруда. Аруханамыздың басты мақсаты тұрғындарға жоғары медициналық көмек көрсету. Медициналық құрал жабдықтарымызды замануи құралдармен жабдықтау. Жаңашылдығымызбен жанашырлығымыз қатар жүреді ғой. Биыл бізде инвестициялық жоба бойынша ауруханамыздың ауласына 125 төсекті, 19 000 шаршы метірлік перзентхана тұрғызғалы жатырмыз. Президентімізздің Катар мемлекетімен жүргізген келіссөздермен меморандумдардың нәтижесінде осындай құрылыс нысанына қол жеткіздік.
— Іле ауданының тұрғыдарын қандай жаңалықтарыңызбен бөлісесіз?
— Осы айтылған жаңа перзентханамыз салынып бітсе. Алдағы уақытта жаңа бес бөлім ашатын боламыз. Олар урологиялық, эндопротез — травмотология, нейрохирургия, лор, офтольмология бөлімдерін ашсақ дейміз. Одан бөлек 4 қабатты емхананың филиалының ашқалы отырмыз. Онда госпиталды фармация бөлімшесі ашылады. Осы жерде айта кетейін ауылдарымызда да амбулаториялар бар. Саны 18 оған тағы жаңадан қайтарылған активтерден 4 ауылдық амбулатория салынып жатыр.
— Біздің аудан облыс көлемінде бала туу бойынша алғашқы орындарда тұр қазіргі жағдайы қалай?
— Біз үшін бүгінде ең бастысы — ана мен бала денсаулығы. Сондықтан аналар босанған кезде оларды жалпы тәжірибелі дәрігерлер тексеріп, жағдайларын саралайды. Мәселен, денсаулық жағдайы, әлеуметтік жағдайы, сәбидің күтімі, тағы басқалар. Ауданымызда жылына 5000 бала дүниеге келеді. Барлық жүкті әйелдер перзентханамыздан барлық ем -домын алып, босанып отбасымен қауышып жатқан жайы бар. Бұдан бөлек, емханаға тіркелгендер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ауған соғысына қатысқандар көп.
— Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай әріптесстеріңізге айтарыңыз бар ма?
— Соңғы жылдары медицина саласында жаңашылдықтар болып, барлық қызметкерлерге жағдай жасалып жатыр. Мәселен, медицина саласындағы барлық қызметкердің жалақысы көтерілді. Оған қоса бюджеттік мекеме мамандарына баспана алуда зор мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан біздің қызметкерлеріміз тұрақты жұмыспен қамтуда, баспана алуда қолдауға ие болып жатыр.тиБізді қуантатыны, биыл Мемлекет басшысының бастамасымен жұмысшы мамандықтар дәріптеліп, әр саладағы үздіктер мен еңбекқор азаматтардың еңбегі еленуде. Бұл тұрғыда біздің емхананың мамандары да марапаттарға ие болып жүр. Мен барлық әріптестеріме қажымас қайрат, мықты денсаулық, берекелі отбасы, мол табыс тілеймін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button