Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Жаһандану кезеңіндегі кітапхана

2021 жылдың 4 наурызында Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхана қызметкерлерінің міндеттерін айшықтау, кәсіби біліктілігін арттыру, кітапханалар қызметінің жаңа технологиялары, формалары мен әдістерін меңгеру, ауыл кітапханашыларының жаңа шыңдарды бағындыру жолында жаңа ізденістерге, қайраттылық пен жігерлілікке бағыттап, машықтау арқылы өңірдегі кітапхана саласының кадрлық әлеуетін қалыптастырып, дамыту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханалар қызметкерлері арасында «Жаһандану кезеңіндегі кітапхана» атты семинар тренинг өтті.

Семинар осы бағдарлама бойынша өтті:

10.00-10.05 Семинардың ашылуы: Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы КММ директоры Қ.Будугулова

10.05-10.30 «2021 жылға жоспар және 2020 жылғы жұмыс талдауы: басты назар аударатын жағдайлар» баяндама — Аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі Ж.Азимханова

10.30-11.00 «Цифрлы технология – заман талабы» (WEB РАБИС бойынша) тренинг — кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі С.Қабақова

11.00-11.25 Сергіту ойындары: «Сөздер құрау», «Инсталляция жасау» Ж.Азимханова

11.25-11.40 «Ақши ауылдық кітапханасының 2021 жылға жоспар және 2020 жылғы жұмыс талдауы» — Баяндама, слайд. Ақши ауылдық кітапхана меңгерушісі Б.Шамиева

11.40 -12.10 «Кітапханалық инновациялық технологияларды жұмыс барысында кеңінен қолдану және жүзеге асыру» тренинг – әдістеме бөлімінің кітапханашысы А.Қайырбекқызы

12.10-12.25 «2021 жыл – Балалар әдебиетін оқу жылы» баяндама — Аудандық балалар кітапханасы кітапханашысы Э.Санкеш

12.25-12.30 Қорытынды:

Қ.Будугулова

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы КММ директоры 

Басқа жаңалықтар

Back to top button