Аудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

Кеттің бе екен Сағынышқа айналып?! (Т. Айбергеновке арнау)

Аңсау менен сағынудан тұратын

Өлең жазу еді сенің мұратың

Талмай ұшып ақиыққа айналған

Бір тойым бар деген еді бір ақын.

Сағыныштың бұлағына айналған

Қылыш еді қынабында қайралған

Тұлпар еді тұяғынан от шашқан

Аламанда оза шауып бәйге алған

Қыран еді кең сермеген қанатын

Шабысына таң болатын дала шын

Биігінде өле білді-ау, дүр ақын

Жырмен жалғап көк пен жердің арасын

Кәусар жырдың тұнбасына қандырған

Жыр оқыса таңды таңға аудырған

Сөзден сарай тұрғызыпты-ау, Төлеген

Мұнараны құмға қадап паң жырдан!

Жасын едің, емес едің жай жарық!

Жырларыңды сан оқысақ, тоймадық!

Асқақ әнді көкірегіңе құйып ап

Кеттің бе екен Сағынышқа айналып?!

Өмірқұл Әлихан

Іле ауданы №36 орта мектептің

8 сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button