ЫНТЫМАҒЫМЫЗ АРТА БЕРСІН
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқы үшін бұл мейрамның орны бөлек. Бейбітшілік пен татулықты басты орынға қойған қазақстандықтар ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі болған 1 мамыр мерекесін қашан да асыға күтеді. Өйткені, бұл Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, заматтық борыш пен жалпы ұлттық келсімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні алаш жұрты ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық арапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Қазақстанның алдында тұрған басты міндет – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Өйткені, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Ендеше, Қазақстанда тұратын әрбір адам маңызды байлығымызды бағалап, оны сақтау жолында аянбай еңбек етуі тиіс. Қазақ халқын бауырмал дейтін болсақ, қиын кезеңдерде елімізге пана іздеп келген басқа ұлт өкілдерінің бәрін құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанын бөліп беріп, қамқорлығына алды. Соның нәтижесінде қазақ жері қаймағы бұзылмаған көпұлтты мемлекетке айналды. Біздің ауданның өзінде 34 этнос өкілдері тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүріп жатыр. «Ырыс бар жерде, ынтымақ бар», – деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ынтымақ пен ауызбірлік, сыйластық пен жарастық бар жерде атқарылатын іс те, қол жеткізілетін нәтижеде берекелі, нәтижелі болмақ. Соның нәтижесінде Қазақстанда қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Ауданымыздың көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Көпұлтты Қазақстан халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің басты байлығымыз. Аудан халқының достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, ұлтаралық татулығымыз әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Ауданның баршы тұрғынына денсаулық пен амандық тілеймін!
Б. ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі,
«Nur Otan» партиясы
аудандық филиалының төрағасы