КЕЛІҢІЗ, БІЗБЕН КЕҢЕСІҢІЗ

Алматы облысы, Іле ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Сәуір айының басында аудан орталығы Өтеген батыр кентінде тұрғын үй салымдарын ашу, несие рәсімдеу, деректемелерді өзгерту және әскери қызметшілердің арнайы жинақтары бойынша қызмет көрсететін кеңес беру орталығы өз жұмысын бастады. Заманауи кеңес орталығы Әшекеев көшесі, 1 ғимаратында орналасқан. Аудандық ХҚКО, сауда орталықтары, КазТрансГаз Аймақ компаниясы сияқты әлеуметтік маңызды объектілер жанында орналасқан. Орталықты көшбасшы-кеңесші Нұрсұлу Исаханова: «Көбіне «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысатын үш әлеуметтік топ бар. Атап айтқанда, көпбалалы, толық емес отбасы, үйлерінде 18 жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі баласын асырап отырған отбасылармен жұмыс жасаймыз. Негізі олар әкімшілікте кезекте тұруы керек. Олардың табыс көздеріне дейін тексереміз. Біз сенбі, жексенбі күндері де депозит ашуға мүмкіндігіміз бар және үйге немесе жұмыс орнына шақырсаңыз да болады».
Одан басқа кеңес беру команданың кәсіби мүшелерімен жүзеге асырылады. 2021 жылдың Мамыр айынан бастап орталыққа келген клиенттер несиеде рәсімдей алатын болады. Дәл қазір 6049 депозит салымшысы бар кәдімгідей үлкен орталыққа айналған. «Баспана», «Арнау», «Жас отбасы» депозиттеріне қол жеткізесіз. Айтып өтейік, «Бақытты отбасы», «Әскери өнім», «Шаңырақ» мемелекеттік бағдарламасы іске қосылған. Бұл бағдарламалар аясында еліміз бойынша мыңдаған отбасылар баспаналы болуда. Осы кеңес орталықтары арқылы көзбе-көз сөйлесіп, кеңес алып жаңа қонысыңызға бір табан жақындайсыз. Сонымен қатар банктің әйелдерге арналған «Ұмай», жаңа үйлерге арналған «Өз үйім», жаңа және екінші нарықтағы үйлер «50/50» сияқты бағдарламалар да бар.
Кеңес беру орталығы туралы толық ақпарат алу үшін 8 708 198 35 29 нөміріне хабарлассаңыз болады.
Бағдат ЧОЙБАСОВ