Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Баскетболдан ерлер арасындағыжарыс

 

2021 жылдың 22 мамыр күні Қараой ауылдық округі, Нұрғиса Тлендиев ауылында орналасқан №26 орта мектеп спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл-дығына орай, баскетболдан ерлер арасында аудандық жарысы өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты:

— Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту;

— Ауданда баскетбол спорт ойынын дамытып жетілдіру;

— Жалпы халықты спортқа тарту;

— Спортшылардың жекелей спорт шеберліктерін шыңдап, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту;

— Салауатты өмір салтын насихаттау;

— Мықты ойыншыларды анықтап,  аудан құрама командасын іріктеу.

Аталған жарысқа 9 команда катысып, жарыстың командалық есеп қорытындысы бойынша І орын Боралдай командасы, ІІ орын Грэс командасы, ІІІ орын Өтеген батыр командасы ие болды.

Сонымен қатар жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медальдар, кубоктармен марапатталды.

 Ж. Қабдікәрімов

Іле ауданының дене шынықтыру және

 спорт бөлімінің басшысы м.а

Басқа жаңалықтар

Back to top button