Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Қызмет көрсету сапасы – қоғам назарында

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің ұсынысы негізінде, мемлекеттік қызмет көрсетуші  жергілікті органдарда көрнекі ақпараттың қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет алушыларға (соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға) қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелерін бақылау  мақсатында Іле ауданы әкімінің 27 ақпан 2018 жылғы №24ө н/қ өкімімен талдау тобы құрылған.

Аталған топтың құрамы  аппарат қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, депутаттар, БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен құрылған.

Арнайы талдау тобы өз қызметін қоғамдық бастамалар, жариялық және ашықтық, мемлекет пен азаматтық  қоғамның өзара іс-қимылы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Талдау тобы 2018 жылдан бері Іле ауданының жергілікті атқарушы органдарымен бірнеше зерделеу, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Талдау тобы 46 мекемеге талдау жұмыстарын жүргізіп, ұсыныстар енгізіп, кемшіліктер түзетілді.

Осындай шаралардың бірі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқарамсының бас маманы Шаухаров Талап Сайлаубайұлының  қатысуымен жүргізілді.

Талдау тобы аудан орталығы Өтеген батыр ауылындағы жергілікті атқарушы органдардағы қызмет алушыларға жағдай жасау барысымен танысты.

Анықталған кемшіліктер бойынша мекеме басшыларына ұсыныстар айтылды. Кемшіліктердің орындалуы топ мүшелерінің назарынан тыс қалмай арнайы бақылауға алынған. Аудандық қоғамдық кеңес пен «Nur Otan» партиясының отырыстарында қаралып, тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының неғұрлым жоғары деңгейде болуы соғұрлым сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізетіні айқын.

 

 Санат Ерболатұлы, Іле ауданы

әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар

және мемлекеттік қызметтер  мониторингі

бөлімінің басшысы Өтеген батыр ауылы

Басқа жаңалықтар

Back to top button