Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық мемлекет функциясының барлық салаларында көрініс тапқан. Оған дәлел ретінде облыстар мен елдегі өңірлер бойынша жемқорлық деңгейін қарастырған көптеген әлеуметтік зерттеулерді алуға болады.
Жемқорлық іс-әрекеттерінің іздері жер мәселесінде, салық, кеден органдарында, мемлекеттік сатып алулар, лицензия беру, тұрғын үй құрылыс индустриясында жиі анықталып жатады.
Сонымен қатар әлеуметтік салада да сыбайлас жемқорлық көлемінің артуы байқалып отыр, олар: денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету, жер ресурстары салалары. Аталмыш мәселе қоғамдық дертке айналды. Сондықтан бұл дертпен күресу мақсатында мемлекет тарапынан түрлі іс-шаралар қолға алынып жатыр.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама күшіне енген.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды. Бірқатар бағдарламалық құжаттар да іске асырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал адалдық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс.
Қапшағай қалалық ауданаралық әділет басқармасы