Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

КӨЗДЕЛГЕН ЖОСПАР БАҚЫЛАУДА

Өткен аптада Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының  отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының  төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаев,  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Сатибаев, Саяси кеңес Бюросының мүшелері қатысты.  Күн тәртібінде 2021-2025 жылға арналған «Жастар – Отанға»  бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын   бекіту туралы мәселе қаралды. Шараны Б. Қарасаев ашып, 2021 жылдың ақпан айында  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық сайлауалды бағдарламада көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында өңірлік  2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілгені жайлы айтты. Сондай-ақ, бүгінгі күні Іле ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Жастар – Отанға»  бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын  талқылап, бекіту керектігі де сөз болды.  Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйледі. Ол Іле ауданы бойынша 2021-2025 жылға арналған «Жастар – Отанға»  бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленіп, міндеттер айқындалғаны, бағдарламаның жүзеге асы-рылуы бойынша  алдағы 5 жылда бес бағытта  атқарылатын іс-шаралар жоспарланғаны жайлы  түсініктеме берді. А.Қожабекұлы    осы бағыттар бойынша жұмыстардың уақытылы, сапалы атқарылуы аудандық партия филиалының, сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша құрылған  жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің тікелей назарында болып, іске асырылуына ықпал ететіні жайлы айтты. Күн тәртібіндегі мәселені  қарап және талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле  аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы  қаулы қабылдады.

 

Іле аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button