Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді қашықтықтан ұйымдастыру

         Құқық бұзушылықтың алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және уақытты үнемдеу мақсатында мемлекеттік қызмет түрлері қашықтықтан ұйымдастыру арқылы қықмет  көрсетілуде.

МЫСАЛЫ:  Халықты жұмыспен қамту орталығыда «Жұмыс іздеп жүрген адам» ретінде тіркелу. 

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі:

Электрондық  және (немесе) қағаз жүзінде

Құжаттарды қайда өткізу қажет?

«Enbek. kz» электрондық порталы арқылы немесе Халықты жұмыспен қамту орталығына

І. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде «Enbek. kz» электрондық порталы арқылы тіркеу үшін 

Жұмыс іздеп жүрген адам  ретінде «Enbek. kz» электрондық портал арқылы тіркеу үшін электрондық цифрлық қол қою (ЭЦП) кілті мен электрондық пошта (жәшігі) болу керек.

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде «Enbek. kz» электрондық портал арқылы тіркеудің қадамдық нұсқауы:

Электрондық еңбек биржасына кіру – Кіру – Тіркеуден өту (логин немесе Е-mail, құпия сөз енгізу) немесе әлеуметтік желілер арқылы кіру – Кабинетке кіру – Жеке кабинет –Жұмыс ізденуші косымшасында – Резюме таңдау – Резюме қосу, резюмені толтыру (міндетті түрде барлық пункттерін толтыру) – ЭЦП кілт немесе ЖСН арқылы авторизациялау – Сертификат таңдау – Құпия сөз енгізу – Жіберу – Резюме сақтау –Мемлекеттік қызмет көрсету қосымшасында – Жұмыс ізденушіні және жұмыссыздарды тіркеу – Өтінішті қосу — Мәліметті жинауға рұқсат – Жалғастыру – ЭЦП кілтпен қол кою.

Егер электрондық еңбек биржасында жеке кабинетінізде бұрын құрылған резюме болса, онда сол резюмені жұмыс іздеп жүрген адам ретінде толтыру үшін қолдануға болады (ЖІЖА).

Ол үшін:

«ИЯ» батырмасын басу керек.

Резюменің барлық пункттерін міндетті түрде толтыру керек – Сақтау – Жұмыс ізденуші ретінде тіркелу – ЭЦП кілті арқылы кол қою. Жұмыс ізденуші ретінде тіркеуге алынады.

Егер 3(үш) жұмыс күннен кейін лайыкты жұмыс орны табылмаған жағдайда, жеке мәліметтер автоматты түрде жұмыссыз ретінде   жұмыс  іздеп жүрген адам  ретінде тіркеуге қойылады. 

IІ. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өткізілетін құжаттар тізімі:

  1. Қызмет алушының өтініші;
  2. Қызмет алушының жеке күәлігі;
  3. Еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасы (бар болса);
  4. Жоғарғы немесе арнайы кәсіптік білімі, біліктілігі туралы құжат (бар болса). 

«Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен

қамту орталығы» КММ-нің маманы Б.Төкен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button