Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
Сайлауды тағайындау, Чапаев сайлау округін құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, сондай-ақ сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жері Іле ауданы әкімінің сайтында орналастырылған және аудандық «Іле таңы» қоғамдық-саяси апталығында жарияланатын болады.
Іле ауданы бойынша сайлауға барлығы 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары, жалпы 4 сайлау комиссияларының мүшелері тартылған, осы округ бойынша сайлаушылар саны 6,6 мыңнан астам адамды құрайды.
26 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтарға, сондай-ақ ұсыну аяқталатын күнге екеуден кем кандидат ұсынылған жағдайда аудан әкіміне тиесілі.
01 шілдедегі жағдай бойынша 2 кандидат ұсынылды, олардың барлығы өзін-өзі ұсынды.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеге дейін жалғасады.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Аудандық сайлау комиссиясы
Началось выдвижение кандидатов в акимы Чапаевского сельского округа Илийского района Алматинской области
В соответствии статьей 113-3 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан» 25 июля 2021 года состоятся выборы акима Чапаевского сельского округа Илийского района Алматинской области.
Информация о назначении выборов, об образовании Чапаевского избирательного округа, Календарный план основных мероприятий по подготовке и проведению выборов, а также составы и места нахождения избирательных комиссий размещены на сайте акима Илийского района и будут опубликованы в районном общественно-политическом еженедельнике «Іле таңы».
Всего по Илийскому району задействовано на выборах 1 территориальная и 3 участковых избирательных комиссий, всего 34 членов избирательных комиссий, численность избирателей составляет по данному округу более 6,6 тыс. человек.
С 26 июня начато выдвижение кандидатов в акимы, право выдвижения принадлежит политическим партиям, гражданам путем самовыдвижения, а также акиму района в случае, если на день окончания выдвижения выдвинулось менее двух кандидатов.
По состоянию на 01 июля выдвинуто 2 кандидатов, все они самовыдвиженцы.
Выдвижение кандидатов в акимы продлится до 9 июля 2021 года.
Работа по подготовке к выборам продолжается.
Районная избирательная комиссия