АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТЕГЕН БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҮРҒЫНДАРЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Өтеген батыр кентінде Астана күніне орай және Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында, «Нұрлы жер» бағадрламасы аясында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығындағы Қуат ықшам ауданында орын тепкен көпқабатты үйдің құрлысын «Агроспец строй» компаниясы бір жылдың ішінде салып бітті. Онда ойын алаңдары, үш подеъзден тұрады, Жоба құны 450 миллионға жуық қаржы жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалды.
Салтанаттық іс-шараға аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып, пәтер иелеріне өз кілтерін табыс етті. Пайдалануға берілген түрғын үйге әртүрлі деңгейдегі азаматтар қол жеткізген. Оның ішінде көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті пәтер кезегінде тұрғындар жайғасты.
Айта кетейік тұрғын үймен қамтамассыз ету аудан көлемінде әлі де жалғасын табатын болады. Өтеген батыр кентінде коттедж қалашығы бой көтермек, оған жергілікті әкімшіліктен жерде қарастырылған. Ауқымды құрлысы жұмыстары биылдан басатау алады.
Бағдат Чойбасов