#Qazaqstan30Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

ІЛЕ АУДАНЫ: ТАҒЫ БІР БІЛІМ ОРДАСЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Нұр-Сұлтан қаласының туған  күніне орай Өтеген батыр кентінде «TAMOS» білім беру орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Бағдат Қарасаев қатысып лента қию рәсіміне қатысты. Ол: «Сіздерді алдымен Ұлы Дала төсіндегі асқақ астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сонау ата бабамыздың аманатын сіздермен біріге отырып орындадық. Тәуелсіз елімізде өзінің астанасы сайын дала сарыарқа төрінен ойып тұрып орын алды. Әлем оны мойындады. Бұдан асқан алаштың әр азаматында арман бар ма?! Осы мерекеге тұспа тұс келген «TAMOS» білім беру орталығының ашылуы нұр үстіне нұр төккендей әсер етуде. Қазіргі қоғамда білікті емес білімді азамат жеңеді. Жаңа орталықта замануи білім жетілдіру үшін бүлдіршіндерге барлық жағдай қарастырылған. Құрылтайшыларымыз Мұрат Сыдықұлы мен Ғалия Тәңірберген қызына айтар алғысымыз шексіз. Орталықтан ертең еліне қызмет қылатын ғалымдар көптеп шығуына тілектеспіз» — деді.

Екі қабатты зәулім білім орталығында заман талабына сай дизайнмен көмкерілген, іші заман талабынай архитекторлық сәулетпен қиюластырылған. Ғимарат кең жертөледен тұрады. Оның өзі ән-би залы болып екіге бөлінеді екен. Ғимараттың жалпы көлемі 530 шаршы метірді құрайды. Оқу үрдісі үйірмелер мен дайындық топтардан тұрады. Сонымен қатар 14 оқу кабинеті оның ішінде хареография залы, мектепалды даярлықсыныбы, робототехника, психолог-логопед кабинеттері және мұғалімдер бөлмесі қарастырылған. Білім ордасында 27 білікті педагог қызмет атқарса, 20 үйірме сабақтары жұмыс жасайды. Үйірме сабақтары екі тілде  жүргізіледі, аптасына 500 балаға дейін қамти алады. Оқыту үрдісі барысында білім алушыларға «TAMOS education» мектебінің әдістемесі мен замануи жаңа оқыту әдістерін қолданады. Салтанатты жиында сөз алған құрылтайшы, Іле ауданының Құрметті азаматы Омаров Мұрат Сыдықұлы: «Сіздерді алдымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен және астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! «TAMOS» білім беру орталығы өскелең ұрпақты терең білім алуына шақырады!  Ғимаратты салған жергілікті сәулетші-архитекторларға айтар алғысым шексіз. Біз сіздермен бірге еліміздің білім беру сапасының арттыруға бар күшімізді саламыз деп ойлаймын. Жаңа уақыттың талабына сай жасалған ғимаратқа жас шәкірттерді қабылдауға дайынбыз» — деді.

Жиында ата-ана тарапынан өз пікірін білдірген Айжан Байқадамова: «Бүгін мен  қызымды әкеліп тұрмын. Үш түрлі үйірме ағылшын, шахмат және балетке қатысамыз. Ұстаздары өте білкті және білімді. Өз басым өте разымын орталықтың ашылуы балаларымыздың дұрыс білім алуына үлкен жол ашты. Үмітімізді ақтады. Жақын жердегі тұрғындардың барлығы осы «TAMOS» білім беру орталығына ағылып келіп жатырмыз» — деп қуанышын жеткізді.

Айта кетейік биылғы Іле ауданында құрлысы басталған  жеті мекептің төртеуі ел игіліігне беріледі. Ертең Ащыбұлақ округінде тағы да бір жеке меншік «Montessori Academy»  мектеп –гимназиясы ашылмақ. Осымен аудан бойынша бесінші жеке меншік мектеп өз жұмысын бастамақ.

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button