Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҰСЫНЫС БІРАУЫЗДАН ҚҰПТАЛДЫ

Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII-ші Конференциясы өткізілді. Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаев төрағалық етті. Конференция жұмысына БПҰ-нан сайланған барлығы 81 делегат қатысты.

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII-ші Конференциясында — «Nur Otan» партиясынан Іле ауданы, Чапаев ауылдық округі әкіміне үміткерді ұсыну туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалының төрағасы Б. Қарасаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамаларына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойғанын, осыған орай әкімдерді сайлау күні – 25 шілдеге тағайындалғанын, оның ішінде Іле ауданы, Чапаев ауылдық округі бар екенін айтты. 30 маусым күні аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өткізіліп, округ әкімінің міндетін атқарушы Қалиев Асхат Нүсіпбайұлы, Чапаев ауылы, «Гнездышко» балабақшасының меңгерушісі Нұрғожаева Гүлнар Аманбайқызы, Іле аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақымов Мұхтар Қанатханұлының кандидатуралары ұсынылды. Округ активі бірауыздан ортақ шешімге келіп, округ әкімінің міндетін атқарушы Қалиев Асхат Нүсіпбайұлын партия атынан ұсынуды сұрады. Алдағы уақытта да тапсырылған істі тиісті деңгейде атқарып, елдің сенімін ақтайды деген оймен «Nur Otan» партиясынан Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысу үшін үміткер ретінде Қалиев Асхат Нүсіпбайұлының кандидатурасы ұсынылып, бекітілді. Күн тәртібін қарап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңының 133-3-бабына сәйкес, Партия Жарғысының 9 тармағы, 6 тармақшасын негізге ала отырып, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII-ші Конференциясы қаулы қабылдады.

«Nur Otan» партиясы

 Іле аудандық филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button