#Qazaqstan30Білім және ғылымҚазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жылҚоғам

Жақсымен өткен жалқы сәт

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында, Жаңаталап ауылында №25 орта мектебінде «Тіл ұлттың байлығы» тақырыбындағы тіл айлығының жабылу салтанаты мен жаһандану үрдісінде қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытудың ерекшеліктері әдістемесі және мазмұны» атты аудандық семинар өтті. Семинардың құрметті қонағы ретінде ф.ғ.д профессор, тіл жанашыры, қоғам қайраткері, «Парасат»орденінің иегері Асылы Әлиқызы Осман шақырылды. Шара қонақтарымен мектеп шәкірттері биылғы жылы 80 жастың белесін бағындырған Асылы апаларына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тағылымға толы жауаптар алды. Мерейтой иесі өз кезегінде «Ұлттың болашағы жолында ұстаздар қауымының атқарып жатқан еңбектеріне алғысын білдіріп, еңбек жолдарына сәттілік тіледі»
Тағылымға толы кештің құттықтау сөз тізгінін алған аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Ақмарал Құрманжанқызы өз кезегінде Асылы Әлиқызының мемлекет игілігі жолында атқарған өлшеусіз еңбегіне алғысын білдірді.
Мың күнге татитын жақсымен сұхбаттасқан әсерлі сәттің қортынды сөзін түйіндеген мектеп директоры Нургиза Бақашқызы өз кезегінде шара қатысушыларына алғысын айтып, «орамал тон болмайды, жол болады» салтымен мерейтой иесіне мектеп ұжымы атынан шапанын кигізіп, құрметін көрсетіп, қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі үшін саналы ғұмырын арнаған ардақты жанға» Қазақ бар жерде Сіз барсыз, жүз жасаңыз»деген тілегін білдірді.
Тәрбиелік мәні терең шарадан әсер алған шәкірттерімізге Асылы Әлиқызының қайраткерлік жолы жұғысты болсын деген ұстаздық ұстаныммен кеш әсерін аудан жұртымен бөлісуге асыққан

№25 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Арайлы Рахымбердіқызы

Басқа жаңалықтар

Back to top button