Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Үшінші Ұлттық халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталды және 30 қазанға дейін жалғасады

Санақ «Қазақстанда әркім маңызды!» ұраны аясында ұйымдастырылуда. Санақты өткізу процесін автоматтандыру және оған заманауи сандық технологияларды енгізу – 2021 жылдың Ұлттық санағының басты жаңалығы болды.
Биыл азаматтарға сауалнама парақтарын онлайн режимінде өз бетінше толтыру немесе үй-үйді аралау кезінде офлайн толтыру мүмкіндіктері ұсынылуда.
1 қыркүйектен бастап sanag.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастады, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысады, барлық сұрақтарға жауап бере алады.
Дәстүрлі жалпы үй аралау 1 қазанда басталды, 30 қазанғана дейін жалғасады.Ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында ЖСН-ін енгізе отырып, электронды планшеттерді пайдалану арқылы интервьюерлермен жүргізілуде.
Мемлекетіміздің Конституциясына сәйкес азаматтардың барлық жеке мәліметтерінің құпиялылығы сақталады.
Санақ жүргізетін интервьюлерде аумақтық статистика органының қолы қойылған және мөрі басылған, фотосуреті бар, аты-жөні жазылған, берілген күні мен қолданылу мерзімі көрсетілген интервьюер куәлігі болады. Халық санағының символикасы бар көк түсті шарфтары, қолдарында халық санағының символикасы бар көк түсті портфельдері болады.
Ұлттық санақ жүргізу кезінде барлығы 91 сұрақ қойылады, оның 71-сі негізгі және 20-сы нақтылаушы.
Кұрметті аудан тұрғындары! Ұлттық халық санағына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. «Қазақстанда әркім маңызды!».

Басқа жаңалықтар

Back to top button