Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Таңғажайып әлем»

2021 жылдың 18-23 тамыз аралығында «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры «Іле аудандық ішкі саясат бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен бірлесе, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған «Жақыныңа жанашыр бол!»  жобасының «Таңғажайып әлем» атты іс-шарасын өткізді.

         Іс-шарада 7-17 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 7 балаға Алматы қаласындағы хайуанаттар бағына апарып, сол жердің қызметкерлерінің көмегімен экскурсия жасалды. Сонымен қоса, іс-шараға психолог, врач-терапевт, фотограф, координатор-көмекші мамандар мен балалардың ата-аналары қатысты. Қор өз міндетіне балаларды ата-аналарымен бірге арнайы көліктермен үйлерінен алып кетіп, қайта үйіне апарып тастау үшін жол жоспары мен бағдарламасын дайындады.

         Хайуанаттар бағында серуендеу мүмкіндігі шектеулі балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу, жануарлар әлемімен таныстыру мақсатында өткізілді.

         Іс-шара соңында балаларға кітаптар мен футболкалар беріліп, осы іс-шараға қатысқандарына Қор үлкен алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button