Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

«Ядролық қарусыз бейбітшілік әлемге»

2021 жылдың  23 қыркүйекте, «JAS QADAM» қоғамдық қоры «Іле аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында  «1991 жылы Семей полигонының жабылуына 30 жыл» толуына  орай ZOOM конференциясы өткізілді.

Іс- шара PhD профессор, доцент, академик — ғалым  Абилдаев Султан Таласбаевичтың қатысуымен және №11, №20, №39, №40,  №41, №49, №6, №9, №7, №32 орта мектеп оқушылары  «Ядролық қарусыз бейбітшілік әлемге» атты ғылыми практикалық конференциясына қатысты. Конференцияда радиациялық экология мен қауіпсіздік, сонымен қатар экологиялық нашар аймақтарда тұратын халықтарды емдеу және реабилитациялау сұрақтары талқыланды.

«Таза экология – Ядролық қарусыз ғасыр бастамасы»

Алматы облысының «Іле аудандық ішкі саясат  бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  бірлесе Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты  іске  асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу бойынша қызметтер «Семей полигонының жабылуына 30 жыл»  арнайы іс-шара жобасы бойынша  «Таза экология – Ядролық қарусыз ғасыр бастамасы» дөңгелек үстелі 28 қыркүйек күні өткізілді.Осы іс-шара Семей полигонынң ардагері Жармағамбетов Совет Жармағамбетұлы, 8-9 сыны оқушылары және Жетісу мәдениет үйінің кітапханашыларының қатысуымен өткізілді. Кездесу Жетісу мәдениет үйінің кітапханасында болды.

Дөңгелек үстелде Семей полигонының тарихы, жарылыстар туралы суреттеп, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы сөз қозғалды. Сонымен қоса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен полигонды жабу туралы алғы шарттардың жасалғанын, 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен тоқтағаны, зардап шеккен адамдарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуге өтемақылар берілгені туралы айтылды.

         Сөз соңында, Жармағамбетов Совет Жармағамбетұлына алғысхат пен гүл шоғыры берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button