Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Шетелде жүрген ҚР азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады

Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ. Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны: * өтініш; * жеке басын куәландыратын құжат: — төлқұжатты ауыстыру үшін — ҚР азаматының төлқұжаты; — 16 жасқа толмаған болса — туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты; * өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет; * тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірме); * консулдық төлем түбіртегі. Бұл қызмет түрі ҚР Цифрлық даму, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің бірлескен жұмысының арқасында қолжетімді болды. Қызмет көрсету мерзімі — 80 күнтізбелік күн.


Как оформить паспорт гражданам РК, находящимся за границей

Если вы учитесь, работаете или проживаете за рубежом, и вам необходимо получить/поменять паспорт гражданина РК, не нужно возвращаться домой в Казахстан. Вы можете просто обратиться в посольство или консульство РК и предоставить следующие документы: • заявление; • документ удостоверяющий личность гражданина: — при обмене паспорта — паспорт гражданина РК; — детям, не достигшим 16-летнего возраста — свидетельство о рождении, документ удостоверяющий личность одного из родителей и нотариальное согласие второго; • четыре цветные фотографии размером 3,5х4,5 (в соответствие с требованиями); • документ, подтверждающий факт постоянного проживания, обучения, работы за рубежом, семейного положения, здоровья (оригинал и копия); • квитанция консульского сбора. Услуга стала доступной благодаря совместной работе Министерства цифровизации, МВД и МИД РК. Срок оказания услуги – 80 календарных дней.

Басқа жаңалықтар

Back to top button