Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ДОСЫ – САБЫРЛЫҚ

Сабырлық пен төзімділікті аса қажет ететін тағы бір мандық бар. Солардың бірі – әлеуметтік қызметкер. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерінің күні. Осыған орай, Алматы облысы әкімдігі облыс бойынша  қоғамға адал қызмет еткен сала үздіктерін Талдықорған қаласына шақырып, арнайы марапаттады. Сала қызметкерлерін  кәсіби мерекелері қарсаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың қолынан мадақтама қағазын алды.

Марапатталғандардың ішінде Іле  аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының  қарттар мен мүгедектерді қолдау бөлімінің қызметкері, аяулы ана, адал жар 56 жастағы Төлегенова Гүлжан Бектұрсынқызы да бар. Әлеуметтік қызметкердің еңбек өтілі әлеуметтік салада қызмет еткеніне 13 жыл болса да аудан көлемінде қоғамдық жұмыстармен айналысып жүргеніне жалпы алғанда 36 жыл. Жалғызбасты қариялар мен мүгедектерге қарайды. Қарамағында 8 адам бар. Үйін жинап, азық-түлік әкеліп береді. Олармен көшеде серуендейді, тіпті сырласады да. 8 сағат жұмыс істеп, 100 мың теңге жалақы алады.

«Әлеуметтік қызметкер алдымен психолог, өте сабырлы және алғашқы жедел жәрдемді көрсете алатындай медицина жағынан да хабары болуы керек» – дейді ол.

Азаматтарға қамқорлықты көрсету қасиеті – бұл құрылымның қызметкерінің бойына сіңіретін ең басты мақсат. Өйткені, олар мемлекет қамқорлығын қажет ететін зейнеткерлер мен әлеуеті төмен, көпбалалы отбасы және мүгедек жандарға жанашырлық танытып, дер кезінде  көмек көрсетуге әзір.

Кез келген адам әлеуметтік қызметкер бола алмайды. Ол үшін алдымен үлкен жүрек керек. Бұрын бұл салаға медициналық және педагогикалық білімі бар азаматтар алынса, қазір жағдай басқаша. Ресми жұмысы жоқ адамдар тартылуда. Басты талап – көмекке зәру жандарды өздеріне тартып, көңілінен шыға білу. Ал балалармен жұмыс жасау, тіпті бөлек. Әлеуметтік қызметкер баланың гигиенасынан бастап, білімін де жетілдіруі тиіс.

Ауданда мүгедектер саны 4903 адам, немесе халық санының 2,1 пайызын құрайды. Оның ішінде І және ІІ топ мүгедегі 2 123,  ІІІ топ мүгедегі 2780 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 1027. 

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жыл басынан бері 2883 мүгедектігі бар тұлғалар техникалық-көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді, оның ішінде 387 адам – жеке көмекшілермен, 55 адам ымдау тілі мамандарымен қамтамасыз етілді, 

Сондай-ақ, 227 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер және 140 мүмкіндігі шектеулі бала үйде қызмет көрсетудің арнайы әлеуметтік қызметтерін алды.

7357 мүгедек адамға, жалғызбасты зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға 23,6 млн.теңге сомасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен және тауарлармен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мәселен, мереке сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай көмек қарастырылған.

Б.ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button