Алматы облысының жаңалықтарыЗнай нашихҚоғамТұлға

Тағайындау

Іле аудандық сайлау комис-сиясының шешімімен Омаров Төлеген Ануарбекұлы Күрті ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Омаров Төлеген Ануарбекұлы 1973 жылы 13 сәуірде  Алматы облысы Іле ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ-ситетін бітірген.

Мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын 1990 жылдың маусымында Күрті ауданы Т. Бокин кеңшарында құрылыс бойынша жұмысшы  болып бастады.

1990–1993 жылдар аралығында Күрті аудандық ІІБ күзет бөлімінің күзетшісі, Ақши ауылының В. И. Ленин атындағы  орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

1993 жылдан бастап Алматы ТЖ бөлімшесінің жолаушылар вагондарының жолсерігі, жолаушылар пойызының бастығы. 2004-2009 жылдары Жетісу ЖШС «Жолсерік-Алматы» ЖШС жолаушылар пойызының жолсерігі, пойыз бастығы.

2009 жылдың қаңтар айында Алматы қаласының «Южный» Жолаушылар тасы-малдау бойынша аймақтық филиалының жолаушылар вагондарының жолсерігі лауазымына тағайындалды. Содан кейін жолаушылар пойызының бастығы болды.

Сондай-ақ, 2002 жылдан бері «Ақши даму» шаруа қожалығының жетекшісі.

Іле аудандық мәслихатының VII ша-қырылымында «Nur Otan» партиясы атынан Күрті ауылдық округінің депутаты болып сайланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button