#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ҚАРАОЙЛЫҚ ЛИЯ ДУБАЙДА ӨНЕР КӨРСЕТЕТІН БОЛДЫ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың жүлдесі үшін бокстан қыздар арасында халықаралық турнир өтті. Бұл жарыс AIBA ережелерімен бекітілген 10 салмақ дәрежесі бойынша Қазақстанның 11 аумағынан келген 92 спортшының қатысты. Жалпы Қазақстанда қыздар арасындағы бокс жақсы дамып келеді. «Біздің қыздар әлем және Азия ойындарында үздіктердің қатарынан көрініп жүр», — дейді мамандар. Дәл осы жарыста Алматы облысы, Іле ауданынан да темір жұдырықты бұрымды қыздарымыз қатысты. Соның ішінде ерекше көзге түскен Қараой ауылының тумасы Лия Абдуллаева 57 келі салмақта ешкімге дес бермеді.

Лия қызымыз бокс әлеміне жақында ғана келді. Талантты қыздың алғашқы жаттықтырушысы У.Тылаев мектеп қабырғасында үйретсе кейіннен аудандық жасөспірімдер мен балаларға арналған спорт мектебіне келіп Е. Қасымбековтың қарамағында жаттығады.

«Біздің команда пандемия кезінде қиындыққа ұшырадық. Жаттығу залдары жабылып қалды. Лия Абдуллаева сияқты жас таланттардың жолы бөгелгендей болды. Бізге осындай қиындықта аудан әкімі Бағдат Қарасаев қол ұшын берді. Жаттығу залына арнайы график қойып ,балалар санын бөліп азайтып, санитарлық талапты орындай отырып жаттықтық. Аудан басшысының қамқорлығына алғысымыз шексіз» — дейді  жаттықтырушы Е.Қасымбеков.

Лия көптеген  республикалық, қалалық турнирлердің жеңімпазы. Жаз айларында Талдықорған қаласында өткен республикалық турнирде ІІ орынды иеленіп спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындады. Сонымен қатар, Қарағанды, Түркістан қалаларындағы жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.

Айта кетейік дәл кешегі өткен Ермахан Ибраимов атындағы қыздар арасындағы турнирде І орынды ала отырып, Дубайда өтетін ең үлкен  «Азия балалары» турниріне жолдама алды.

Жетістіктерін саралай отырып, қазіргі жаттықтырушысы Е.Қасымбеков өзінің командасы атынан Лия Абдуллаевадай  дарынды жас спортшыны тәрбиелеп, бокске баулыған жаттықтырушысы Ұлықбек Тылаевқа, демеушілік көрсетіп қамқорлығын танытқан аудан әкімі Бағдат Қарасаевқа, Қараой ауылдық округінің әкімішілік ұжымына шынайы алғысын білдіреді. 

Б. ТОҚАНҰЛЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button