Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыАщыбұлақ ауылдық округіБайсерке ауылдық округіБоралдай кентіӨндіріс және кәсіпкерлікЭкономика

АРЗАН БАҒА КӨҢІЛГЕ СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

Нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында Іле ауданының Ащыбұлақ, Байсерке, Боралдай сынды округтерінде әр сенбі сайын ауылшаруашылық өнімдерін арзан бағада сату жәрмеңкелері өтуде. Ұйымдастырушы ауылдық оруг әкімшіліктері  екенін ескертеміз. Дәл қазір азық-түлік бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жергілікті билік өкілдері қолдарынан келгенше қара халықтың қамын ойлап, тырысып бағуда.

Сондай жәрмеңкелердің бірі — Ащыбұлақ ауылдық округінің орталығы М.Түймебаев ауылындағы «SMALL» сауда үйінің ауласында ұйымдастырылды. Бұл жәрмеңкенің мақсаты сауда орталығына сенбі сайын азық-түлік алуға көптеп келетін халықтың назарын жәрмеңкеде сатылып жатқан  арзан өнімдерге аудару болатын.  Әп-сәтте сатылымға шыққан «Голден», «Грейсвит», «Гала», «Дельвер» сорттарынан 500 кг алма, 300 кг сиыр еті, 15 кг қой еті, 40 кг балық, тұздалған қияр, қызанақ, тәтті тоспаларды тұрғындар арзан бағаға сатып алды. Мысалы сиыр еті 2200 тг сатылса, қой еті 2000 тг, алма 150-200 кг, балық түрлеріне байланысты 500-650 теңгеден сатылды. Жұ-мыртқа бір данасы 33-36 теңгеден сатылымға шығарылды. Ал, тоспалар литріне орай әр түрлі төмен бағада өтті. 

Халықтың көңілінен шыққан жәрмеңке сөрелері алдағы уа-қытта да түрлі ауылшаруашылық өнімдерімен толықтандырылып, ел назарына ұсынылатын болады. Жәрмеңкеге келген «Береке» саяжайының тұрғыны Кенжегүл Төленова: «Менің үйімде балаларым немерелерім бар. Төмен бағада ауыл әкімшілігінің ұйымдастырып жатқан жәрмеңкесінде үйге көптеп азық-түлік аламын. Балалар алманы жақсы көреді. Алмалары тәтті екен. Бес келі алдым» — деп разылығын білдіріп жатты.

Күннің суығына қарамастан іс-шараның басы-қасында жүрген Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Кенже Мұратбекқызы: «Өздеріңіз куә болғандай округ тұрғындарының қарасы көп болды. Жергілікті шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың өнімдері түске дейін  сатылып кетеді. Біз сенбі сайын ауыл тұрғындарының басын жәрмеңкеде қосып жүрміз. Әрі ауылдағы әлеуметтік жағдаймен етене танысамыз, хал-ахуал сұрасамыз, оның үстіне арзан тауар алады» — деді.

Бағдат ЧОЙБАСОВ  

Басқа жаңалықтар

Back to top button