Аудан жаңалықтарыБілім және ғылымӨндіріс және кәсіпкерлікЭкономика

ПАРТИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Өтеген батыр ауылындағы №24 мектеп-лицейінің мәжіліс залында  «Nur Otan» партиясы Іле  аудандық филиалы, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті.

   Жиынға «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Сатибаев, Іле аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы, аудандық мәслихат депутаты  Абилова Роза Михаил кизи, Алматы облыстық мәслихаттың депутаты, №24 мектеп-лицейінің директоры  Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы,  бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің  мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе — Қазақстан Республикасы Президенті, Партия Төрағасы Қ. Тоқаевтың бер-ген тапсырмаларының жергілікті жерлерде жүзеге асырылуы  туралы   Абилова Роза  мен Ерубаева Гүлжан сөз сөйлеп, бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарға тоқталды.  Кейін кеңейтілген Үкімет отырысында Мем-лекет басшысы алға қойған негізгі 6 міндетті атап өтті. Олар: халықтың табысын арттыру, теңсіздікті азайту және инфляцияны ауыздықтау экономиканы өркендету үшін қосымша қаражат қарастыру, агро-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі, энергетика кешенін дамыту, көп қаржыны қажет ететін бағыттың бірі – денсаулық сақтау саласы екені жөнінде айтылды. Күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша   барлық ұсыныстар қабылданды.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button