Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДенсаулықЗнай нашихҚазақстан жаңалықтарыМерекелерРуханиятТұлға

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕҢ ҚАРТ ӘЖЕ

Іле ауданы бойынша  қазіргі таңдағы ең қарт тұрғын Өтеген батыр ауылы, «Қуат» ықшам ауылында тұрады. Ол – Мергенбаева Нұржамал Абдықалымовна әже. Кейуананың жасы 111-де. Ол бүгінде  немере,  шөбере,  шөпшек сүйіп отыр. Санын нақты айтудан бас тартты. Мүмкін әже көз бен тілден сақтасын деген ойы болды ғой деймін.  1911 жылы 2 сәуірде дүние есігін ашқан көнекөз қарт ұзақ жылдар бойы Талдықорған облысы  Гвардейский ауданы Красногоровка ауылында  тұрған.

Кейін Іле ауданына көшіп келген. Мергенбаева Нұржамал Абдықалымовна араб тілінде хат таныған. 1928 жылы 18 жасында Мергенбаев Бинұр атамызбен тұрмыс құрған. Сол уақыттағы колхозда ауыл шаруашылғында жұмыс істеген. Екі ғасырды жасаған қарт ана оқырман қауымға өз батасын берді. Назарларыңызда Нұржамал әженің шөпшегімен түскен суреті. Есімі  – Ерғали Аниса Ерғанатқызы дүниеге келгеніне екі ай ғана өтті. Қолындағы келіні – Зинаида Сүйербаеваның айтуынша әже әлі тың. Кейінгі кезде ғана естімей қалыпты. «Әжем, тамақты өзі ішеді, күнделікті ішетін тамағыботқаны жақсы көреді. Геркулес,  сорпа, кеспе көже сияқты сұйық тамақтарды ішеді. Ірімшік пен асылған жұмыртқаны күнделікті жейді. Кешкісін жатар алдында айран, жаздай қымыз, шұбат ішеді» – деді.

Әжеміздің үйде қарайып отырғаны бізге жақсы. Таңертең бәріміз жұмысқа кеткенде шөбере, шөпшектеріне ие болып қалады дейді үйдің ересектері.

 Кейуана әлі ұлдары мен келіндеріне ақылын айтып, білгенін үйретуден жалықпайды. Жас дәурені аштықпен соғысқа тұспа-тұс келіп, ауыр бейнет көрсе де, бүгінгі күніне шүкіршілік айтады. Қарияның жалғыз тілегі – елінің амандығы мен жұртының тыныштығы.

Б. ТОҚАН

Tags

Басқа жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close