Алматы облысының жаңалықтары

Мерейлі отбасы


Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деп дана халқымыз отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Үлкенге ізет көрсету, кішіге құрмет қылу – қазақ тәрбиесінің алтын діңгегі. «Мерейлі отбасы» бақытын кешу үшін — отбасында ұлттық салт – дәстүрді, әдет – ғұрыптарды сақтау, қандай қиын жағдайға қарамастан шаңырақты шайқалтпай, балаға жақсы тәлім – тәрбие бере білу. Балаларымызға үнемі: «Қайырымды болыңдар, айналаңдағы мұқтаж адамдарға барынша жақсылық жасаңдар. Мейірім — адам баласының ең жақсы қасиеті. Екіншіден, ешкімнің ала жібін аттамай, өтірік айтпай, қандай жағдайда да әділдікті ту етіңдер», — тәлім – тәрбие беру керек. Сондықтан, бұрыңғы ата – бабаларымыз тәрізді мықты, әрі жау – жүрек, қайсар болып келешек ұрпаққа да үлгі болуымыз шарт. Балаңызға қазірден бастап көңіл бөліп, ақылды, әрі қазақтың мықты ұланы немесе жау – жүрек қызы етіп тәрбие беріңіз, өйткені, ертеңгі ұрпағымыз қор болмас үшін!!!.

Басқа жаңалықтар

Back to top button