Бақыттың басы — Отбасы!
Отан отбасынан бастау алады,ал адамның азамат болып қалыптасуы сол отбасынан басталады.Отбасы ол-құрмет,береке бірлік,ынтымақ пен сыйластықтан тұрады,соның арқасында өркениетті қоғамда адам өмір сүреді.
Мен білетін, мақтанышпен айта алатын мерейлі отбасы -Алматы облысы, Іле ауданы, Көкқайнар ауылында тұратын Касымхан мен Сандуғаш Рай жанұясы дер едім.Жас та болса 4 балаға үлгілі тәлім тәрбие беріп отырған шаңырақ иелері.Касымханның ата анасы қарапайым шаруақор адамдар болғанымен отбасындағы 4 балаға өмір сыйлап қана қоймай,еңбекқор,білімді,жан — жақты тәрбиелі,кішіпейіл және қайырымдылыққа тәрбиелейді.Осындай асыл адами қасиеттерді бойына сіңіріп өскен Касымханның да балалары өте тәрбиелі кішірейіп, өнерлі және ізетті болып өсіп келеді.Отбасы мүшелері өте талантты .Касымхан сымбатты сырбаз өне бойы тұнған өнер,үлкенге құрмет көрсету ден жалықпайтын, достыққа адал,кішіге қамқор,адасқан ға әрқашан жол көрсетіп қамқор болатын нағыз азамат иесі.
Жұбайы — Сандуғаш адал жар,аяулы ана,ілтипаты ізетті келін,отбасының ұйытқысы , мейірбан қамқор отанасы.
Ал осындай атанадан үлгі алып өсіп келе жатқан ұл мен қыз жайында айтпай кету мүмкін емес.
Отбасының үлкені «ақ махаббаттың куәсі»ол — Махаббат.Тұла бойы тұнған өнер-жезтаңдай әнші,музыкант,он саусағынан өнері тамған шебер ,сұлу,сымбатты бауырларына қамқор, үлгі бола білген ерекше ару болып бойжетіп келеді.
Ұлы — Әлихан өткір мінезді,қайратты спортшы,ата әжесіне ауылға бара қалса ат құлағында ойнайтын көкпаршы нағыз жігіттік қасиеттерді бойына сіңіріп өсіп келе жатқан бозбала.
Аяру — атына заты сай оқу озаты, анасының қолқанаты, өте талантты ,сүйкімді ,көрген адам қылығына сүйсінетін қыз бала.
Бұл отбасынан қонақ үзілмейді,дастарқаны достары мен ағайынға әркез ашық қонақжай жандар.
Касымханды бозбала кезінен танып білдім,өте қарапайым тәрбиелі,табиғатынан әуезді әсем дауыс иесі ән салып беруін өтінген адамның көңілін қалдырмайтын елгезек болатын.Сол мінезімен көпке силы,еңбекқор жігіт ағасы кейін үлгілі жанұя отағасы болды.Ешбір адамды жатсынбай,жатырқамай көмек қолын созып қолында барымен аянбай бөлісе білетін жомарттығы өз алдына.Сондықтанда жүрген жері тіршілік еткен ортасында силы,жанашыр азамат ретінде белгілі.
Әр отбасы шағын мемлекет делінген.Ал отбасы тәрбиесі бұл қоғамның тәрбиесінің бір бөлшегі болып табылады.
Ортақ үйіміздің ,еліміздің шаңырағын шайқалтпай,уығын тіктеп,керегесі кеңейіп береке бірлігін арттыру ортақ міндетіміз.
Мерейі тасыған мерейлі отбасыларымыз көп болсын,тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын.
Каримова Гаухар Уахитқызы