ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАҒДАРЫ АЙҚЫН
Ауданымызда биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобалық басқару жүйесін енгізе отырып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жаңа кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қайта форматталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобасы аясында іске асырылуда.
Ұлттық жоба аясында қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, жастар практикасын дамыту үшін қысқа мерзімдегі қайта даярлауға, кәсіптік оқытуға, «Бастау Бизнес» жобасы және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қарастырылған.
2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында 2022 жылы 1098 адамды жұмыспен қамтуға 877,7 миллион теңге қаржы жоспарланған. Есептік кезеңге бюджеттен 205,6 миллион теңге қаражат жұмсалып, 743 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
Кешенді жоспарға сәйкес есептік кезең бойынша 1 850 адамға қолдау көрсетілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар (бұдан әрі – қатысушы) ХЖҚО тіркелген жұмыссыздар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, «электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының кіші жүйесі болып табылатын кәсіпкерлік бастамаларды қолдау порталында өтінім беру сәтінде мәртебені ресімдеу мерзіміне жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын алуға 1 жылдан кем онлайн өтінім беру үшін бірыңғай терезе (бұдан әрі-Портал) болып табылады, оның ішінде қызметін тоқтатқан және жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар өтінім бере алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін үміткер порталда тіркеліп, өтінім береді. Айта кетейік, өтінімді қабылдау туралы мәртебе порталда, өтінім берілгеннен кейін үміткердің жеке кабинетінде, сондай-ақ «Atameken Academy» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
Б. ТОҚАН